10 қарашадағы валюта бағамы: доллар, еуро және рубль қанша тұрады?
10 қарашада Қазақстанның ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы белгілі болды. Астана, Алматы және Шымкентте доллар, еуро мен рубль әртүрлі бағамен саудаланып жатыр, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 446,01 теңгеден өткізіп, 453,01 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны қабылдау бағасы 498,82 теңге болса, сату бағасы 508,82 теңгені құрайды. Ал Ресей рублін 5,13 теңгеден өткізіп, 5,33 теңгеден сатып алуға мүмкіндік бар.
Алматыда долларды айырбастау орындары орта есеппен 448,94 теңгеден қабылдап, 450,91 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 500,10 теңгеден өткізуге, 504,89 теңгеден сатып алуға болады. Рубльдің сатып алу бағасы 5,19 теңге, ал халыққа сату бағасы 5,30 теңге болып белгіленген.
Шымкентте долларды 448,22 теңгеден өткізіп, 450,98 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны айырбастау орындары 500,91 теңгеден қабылдап, 504,85 теңгеден сатуда. Ресей рублін 5,21 теңгеден өткізіп, 5,27 теңгеден сатып алуға болады.
Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген 10 қарашадағы ресми бағам бойынша бір АҚШ доллары 448,98 теңге, еуро 502,45 теңге, ал Ресей рублі 5,45 теңге тұрады.
Айта кетейік, 9 қарашада Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 448,98 теңгеге жетті. Осылайша, АҚШ валютасы алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,76 теңгеге қымбаттады.