10 қазанда доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр?

10 қазанда доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр?
ЖИ арқылы жасалған

10 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Kurs.kz мәліметінше, еліміздің үш ірі қаласында доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу және сату бағалары бір-бірінен аздап ерекшеленеді.

Астанада айырбастау орындары АҚШ долларын орта есеппен 448,99 теңгеден сатып алып, 455,99 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағасы – 501,89 теңге, сату бағасы – 511,89 теңге. Ал Ресей рублін 5,17 теңгеден қабылдап, 5,37 теңгеден сатуда.

Алматыда долларды 452,56 теңгеден өткізіп, 455,12 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны айырбастау орындары 507,50 теңгеден қабылдап, 512,52 теңгеден сатады. Рубльдің сатып алу бағамы – 5,14 теңге, сату бағамы – 5,26 теңге.

Шымкентте АҚШ долларын 453,04 теңгеден өткізуге, 455,30 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны сатып алу бағасы 507,17 теңге болса, сату бағасы 513,37 теңгеге жеткен. Ресей рублін 5,17 теңгеден өткізіп, 5,24 теңгеден сатып алуға болады.

Айта кетейік, 9 қазанда Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 453,93 теңгені құрады. Осылайша, америкалық валюта бір күнде 4,06 теңгеге қымбаттады.

Бұған дейін қазан айының алғашқы аптасында валюта нарығында айтарлықтай өзгерістер болғаны хабарланған еді. Доллар алдымен күрт арзандап, кейін жоғалтқан құнының басым бөлігін қайта қалпына келтірді. Еуро да осыған ұқсас өзгеріс көрсетсе, Ресей рублінің бағамы салыстырмалы түрде тұрақты болды.

Валюта бағамдарының апта ішіндегі өзгерісі туралы толығырақ Kazinform агенттігінің шолуынан оқуға болады.