11 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің бағамы белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Kurs.kz мәліметінше, Астанада бір долларды орта есеппен 448,99 теңгеге өткізіп, 455,99 теңгеге сатып алуға болады. Еуроны айырбастау орындары 501,96 теңгеден қабылдап, 511,96 теңгеден сатады. Ал Ресей рублінің сатып алу бағасы 5,17 теңге, сату бағасы 5,37 теңге болып тұр.
Алматыда долларды 451,48 теңгеге өткізіп, 453,94 теңгеге сатып алуға болады. Еуроның сатып алу бағасы 507,44 теңге, сату бағасы 512,06 теңге. Ресей рублі 5,13 теңгеден қабылданып, 5,25 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкентте долларды айырбастау орындары 452,81 теңгеден сатып алып, 454,88 теңгеден сатады. Еуроны 507,50 теңгеге өткізіп, 512,88 теңгеге сатып алуға болады. Ал рубльдің сатып алу бағасы 5,18 теңге, сату бағасы 5,24 теңге.
Айта кетейік, 9 қазанда Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 453,93 теңгені құрады. Осылайша, америкалық валюта бір күнде 4,06 теңгеге қымбаттады.
Қазан айының алғашқы аптасында доллар бағамы әуелі айтарлықтай төмендеп, кейін қайта көтерілген. Еуро да осыған ұқсас өзгеріс көрсетсе, Ресей рублінің бағамы салыстырмалы түрде тұрақты болды.