11 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
11 қыркүйек, жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы жоғарылайды. Елдің оңтүстігінде күн 34-36 градусқа дейін ысиды. Сонымен қатар оңтүстік, батыс және орталық облыстардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп Baspasoz.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астана
Елордада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы 16-18, күндіз 30-32 градус жылы болады.
Алматы
Алматыда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Шығыстан соққан жел кейін батыс бағытқа ауысып, жылдамдығы 3-8 м/с болады. Түнде 17-19, күндіз 32-34 градусқа дейін жылынады.
Шымкент
Қалада күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.
Түркістан
Түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 20-22, күндіз ауа температурасы 33-35 градусқа дейін көтеріледі.
Қонаев
Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Шығыстан соққан жел кейін батысқа ауысып, 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде 15-17, күндіз 33-35 градусқа дейін ыстық болады.
Талдықорған
Жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 34-36 градусқа дейін көтеріледі.
Қызылорда
Қалада күн бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады. Түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы.
Тараз
Таразда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел кейін солтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде 15-17, күндіз 34-36 градус ыстық.
Ақтау
Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Батыс және солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 16-18, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Атырау
Атырауда жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Түнде 9-11, күндіз 21-23 градус жылы.
Орал
Түнде жаңбыр жауып, таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады. Түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
Ақтөбе
Кей уақыттарда жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстіктен соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Оның жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні 12 м/с болады. Түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы.
Қарағанды
Қалада жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7, күндіз 9-14 м/с болады. Түнде 16-18, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық.
Жезқазған
Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кейін оңтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде 17-19, күндіз 24-26 градус жылы.
Қостанай
Күн бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, кей уақыттарда нөсерге ұласуы ықтимал. Шығыс және солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 10-12, күндіз 17-19 градус жылы.
Көкшетау
Жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Түнде 15-17, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық.
Петропавл
Қалада жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз 15-20 м/с болады. Түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы.
Павлодар
Күн ашыққа жақын, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 14-16, күндіз 32-34 градусқа дейін ыстық болады.
Семей
Семейде күн ашық, жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-шығыстан 4-9 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 11-13, күндіз 32-34 градус жылы.
Өскемен
Қалада жауын-шашынсыз, ашыққа жақын ауа райы күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады. Түнде 11-13, күндіз 31-33 градусқа дейін көтеріледі.
Бұған дейін синоптиктер 11 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық пен өрт қаупі жоғарылайтынын ескерткен.