12 қазандағы валюта бағамы: доллар қанша теңге?
12 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағамдары белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Kurs.kz мәліметінше, Астанада долларды айырбастау орындары орта есеппен 448,99 теңгеден сатып алып, 455,99 теңгеден сатып жатыр. Еуроны қабылдау бағасы – 501,96 теңге, сату бағасы – 511,96 теңге. Ал Ресей рублін 5,17 теңгеге өткізіп, 5,37 теңгеге сатып алуға болады.
Алматыда долларды айырбастау орындары 451,80 теңгеден қабылдап, 454,39 теңгеден сатуда. Еуроны өткізу бағасы – 506,76 теңге, сатып алу бағасы – 511,40 теңге. Рубльді 5,12 теңгеден өткізіп, 5,25 теңгеден сатып алуға болады.
Шымкентте долларды айырбастау орындары орта есеппен 452,62 теңгеден қабылдап, 454,68 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 507,21 теңгеге өткізіп, 512,76 теңгеге сатып алуға болады. Ресей рублінің қабылдау бағасы – 5,17 теңге, сату бағасы – 5,24 теңге.
12 қазанға арналған ресми валюта бағамы:
АҚШ доллары – 453,93 теңге;
Еуро – 508,72 теңге;
Ресей рублі – 5,35 теңге.
Айта кетейік, 9 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,06 теңгеге өсіп, 453,93 теңгеге жеткен.
Ақша айырбастау орындарындағы бағамдар күн ішінде өзгеруі мүмкін.