13 қыркүйекте Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарында доллар қанша тұрады?
13 қыркүйектегі мәлімет бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағалары белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанада айырбастау орындарында долларды 448 теңгеден сатып алып, 455 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы – 520 теңге, сату бағасы – 530 теңге. Ал рубль 5,07 теңгеден сатып алынып, 5,28 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыда доллардың орташа сатып алу бағасы 450,88 теңге, сату бағасы 453,08 теңге болды. Еуро 522,26 теңгеден сатып алынып, 527,47 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағасы тиісінше 5,14 және 5,26 теңгені құрады.
Шымкентте доллар 449,98 теңгеден сатып алынып, 452,13 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы – 522,65 теңге, сату бағасы – 527,75 теңге. Рубль 5,17 теңгеден сатып алынып, 5,23 теңгеден сатылуда.
Қазақстан Ұлттық банкінің 12–13 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы бойынша 1 АҚШ доллары – 450,91 теңге, 1 еуро – 522,69 теңге, 1 ресей рублі – 5,33 теңге.