14 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 2026 жылғы 14 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Алматы және бірқатар өңірде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті, деп Baspasoz.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Алматыда да өрт қаупі жоғары болады.
Алматы облысының орталық, батыс және шығыс бөліктерінде төтенше, ал солтүстік пен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең өңірдің батысы мен солтүстігін тұман басады. Түнде солтүстікте жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с, солтүстік пен шығыста кей уақыттарда 25 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігі, солтүстігі, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Көкшетауда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстігінде және Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өңірдің солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оралда да осы уақытта тұман күтіледі.
Қарағанды облысында таңертең және күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде жоғары, ал батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, батыс, солтүстік және оңтүстікте екпіні 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін. Оңтүстік пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с болады.
Ұлытау облысында күндіз солтүстік пен шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде және Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Батыс, солтүстік және шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Абай облысында күндіз батыс, солтүстік және орталық аудандарда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде 23 м/с болады. Өңірде жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жел 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Қалада жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз батыс, солтүстік және шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста және Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында түнде тұман түседі. Солтүстік пен орталықта жоғары, солтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз таулы жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде және Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Бұл аумақтарда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз оңтүстікте жел екпіні кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодарда таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.