15 қыркүйек күнгі ауа райы
15 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысы мен Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қалада өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің жылдамдығы таңертең және күндіз облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің оңтүстігі, солтүстігі, шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары.
Қарағанды облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде өрт қаупі жоғары, ал батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз солтүстік және шығыс бөліктерінде оның жылдамдығы 15-18 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. 15-17 қыркүйек аралығында өңірде өрт қаупі жоғары болады. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, ал солтүстік-шығысында төтенше деңгейде болады.
Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінде екпіні 23-28 м/с болады. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Өңірде өрт қаупі жоғары.
Абай облысында батыс және солтүстік-батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады. Өңірде өрт қаупі жоғары.
Алматы облысының орталығы, батысы мен шығысында төтенше, ал солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.