16 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен батысында жаңбыр жауады. Елдің оңтүстігінде кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +8...+10°C, күндіз +20...+22°C болады.
Алматыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы қалыптасады. Жел 3–8 м/с. Түнде +14...+16°C, күндіз +26...+28°C.
Шымкентте жауын-шашын болмайды. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.
Ақтауда ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 7–12 м/с соғады. Түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.
Ақтөбеде жауын-шашын күтілмейді. Жел 7–12 м/с, екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C.
Атырауда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +29...+31°C.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 4–9 м/с. Түнде +7...+9°C, күндіз +23...+25°C.
Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты болады. Жел 4–9 м/с. Түнде +6...+8°C, күндіз +18...+20°C.
Көкшетауда жауын-шашын болмайды. Жел 7–12 м/с соғады. Түнде +9...+11°C, күндіз +18...+20°C.
Қонаевта күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 9–14 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +26...+28°C.
Қостанайда жауын-шашын күтілмейді. Жел 7–12 м/с. Түнде +7...+9°C, күндіз +20...+22°C.
Қызылордада күн ашық болады. Жел 9–14 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +9...+11°C, күндіз +16...+18°C.
Петропавлда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C.
Семейде күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 9–14 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.
Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Жел 5–10 м/с. Түнде +5...+7°C, күндіз +25...+27°C.
Таразда күн құбылмалы бұлтты болады. Жел 9–14 м/с. Түнде +11...+13°C, күндіз +27...+29°C.
Түркістанда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жел 8–13 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +31...+33°C.
Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +15...+17°C, күндіз +23...+25°C.
Өскеменде күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 5–10 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.