BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

16 қыркүйекте Құрылтай отырысы өтеді

Дана Зарылханқызы
t.me/quryltairesmi
Бөлісу Telegram

16 қыркүйек күні сағат 10:00-де Құрылтайдың кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Отырыс барысында депутаттар екі заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Оның бірі – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы 1994 жылғы Марракеш келісіміне қосылуы жөніндегі хаттамаға қатысты көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттемелер тізбесіне енгізілетін өзгерістерді ратификациялау туралы заң жобасы.

Екінші мәселе – Қазақстан мен Сербия үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау.

Сонымен қатар отырыстың күн тәртібіне Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру туралы мәселе енгізілген.

Отырыстың тікелей эфирін Құрылтайдың ресми сайтынан, YouTube арнасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көруге болады.

Жиын аяқталғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифингтер ұйымдастырылады.

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы кезінде қабылданған көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттемелер тізбесіне енгізілетін өзгерістерді ратификациялау мәселесіне қатысты брифингке Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, жұмыс тобының жетекшісі Динара Райханова және депутат Алмат Әбдікешов қатысады.

Ал Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру мәселесін депутаттар Айдос Сарым мен Тілектес Адамбеков түсіндіреді.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары