17 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігі мен батысында жаңбыр жауып, жел күшейеді. Таңертең елдің басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +6...+8°C, күндіз +23...+25°C болады.
Алматыда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жел 3–8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +12...+14°C, күндіз +25...+27°C.
Шымкентте жауын-шашын болмайды. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C.
Ақтауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Жел 5–10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +27...+29°C.
Ақтөбеде бұлтты болып, жаңбыр жауады. Жел 7–12 м/с, екпіні 15–18 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +17...+19°C, күндіз +21...+23°C.
Атырауда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Жел 6–11 м/с. Түнде +17...+19°C, күндіз +26...+28°C.
Жезқазғанда жауын-шашын болмайды. Жел 2–7 м/с. Түнде +7...+9°C, күндіз +24...+26°C.
Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 2–7 м/с. Түнде +5...+7°C, күндіз +21...+23°C.
Көкшетауда жаңбыр жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +9...+11°C, күндіз +21...+23°C.
Қонаевта жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жел 9–14 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +26...+28°C.
Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +13...+15°C, күндіз +19...+21°C.
Қызылордада күн ашық болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Павлодарда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 7–12 м/с. Түнде +6...+8°C, күндіз +21...+23°C.
Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C.
Семейде жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 7–12 м/с. Түнде +7...+9°C, күндіз +18...+20°C.
Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Жел 5–10 м/с, екпіні 14 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +3...+5°C, күндіз +24...+26°C.
Таразда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 9–14 м/с. Түнде +10...+12°C, күндіз +27...+29°C.
Түркістанда жауын-шашын күтілмейді. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.
Өскеменде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 5–10 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.