18 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағамдары белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағасы – 443 теңге, сату бағасы – 450 теңге. Еуроны 509,14 теңгеге өткізуге, 519,14 теңгеге сатып алуға болады. Ресей рублінің сатып алу бағасы – 4,95 теңге, сату бағасы – 5,16 теңге.
Алматыда доллардың орташа сатып алу бағамы 445,97 теңгені, сату бағамы 448,65 теңгені құрады. Еуро 509,74 теңгеден сатып алынып, 515,17 теңгеден сатылып жатыр. Рубльдің сатып алу бағасы – 4,99 теңге, сату бағасы – 5,12 теңге.
Шымкентте айырбастау пункттері долларды орта есеппен 445,85 теңгеден сатып алып, 447,88 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы – 509,85 теңге, сату бағасы – 516,65 теңге. Ресей рублін 5,04 теңгеге өткізіп, 5,11 теңгеге сатып алуға болады.
Қазақстан Ұлттық банкінің 18 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы бойынша 1 доллар – 444,58 теңге, 1 еуро – 510,29 теңге, 1 рубль – 5,27 теңге.
Айта кетейік, 17 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 444,58 теңге болды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,25 теңгеге төмен.