18 қыркүйек, жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 30 градустан асады. Елдің батысы мен солтүстігінің кей өңірлерінде жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +12...+14, күндіз +23...+25 градус аралығында болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы қалыптасады. Түнде +12...+14, күндіз +27...+29 градусқа дейін жылынады.
Шымкентте күндіз ауа температурасы +30...+32 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +16...+18 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрге жетеді.
Ақтауда ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Күндіз +25...+27, түнде +17...+19 градус күтіледі.
Ақтөбеде жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшеюі мүмкін. Күндіз +20...+22 градус болады.
Атырауда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Ауа температурасы күндіз +24...+26 градусқа жетеді.
Жезқазғанда күндіз +23...+25, Қарағандыда +19...+21 градус болады. Екі қалада да жауын-шашын күтілмейді.
Көкшетауда жаңбыр жауып, жел секундына 15 метрге дейін күшейеді. Күндіз +15...+17 градус болады. Петропавлда жаңбыр мен найзағай күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +16...+18 градус шамасында болады.
Қонаевта күндіз +27...+29, Қостанайда +18...+20, Павлодарда +24...+26 градусқа дейін жылынады.
Қызылордада күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +30...+32 градусқа жетеді.
Семейде күндіз +23...+25, Өскеменде +22...+24 градус болады. Түнде бұл өңірлерде ауа температурасы +5...+7 градусқа дейін төмендейді.
Талдықорғанда түнде +1...+3 градус, күндіз +27...+29 градус күтіледі.
Таразда күндіз +29...+31, Түркістанда +31...+33 градусқа дейін көтеріледі. Екі қалада да жауын-шашын болмайды.
Оралда күндіз +20...+22 градус, түнде +11...+13 градус болады.