2027 жылы бюджетке қанша қаражат түседі?

2027 жылы бюджетке қанша қаражат түседі?
ЖИ арқылы жасалған

Қазақстанның 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджетінің негізгі көрсеткіштері айқындалды. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтай отырысында мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, бюджет параметрлері макроэкономикалық болжам негізінде қалыптастырылған. Кірістерді есептеу кезінде өткен жылдың нақты көрсеткіштері мен биылғы жылдың алғашқы жеті айындағы болжамды нәтижелер ескерілген.

2027 жылы республикалық бюджет кірісі 19,9 трлн теңге болады деп болжанып отыр. Бұл жалпы ішкі өнімнің шамамен 10 пайызына тең.

Вице-министрдің мәліметінше, келесі жылы бюджет кірісі биылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,8 трлн теңгеге артады.

Өсімнің негізгі бөлігі экономиканың кеңеюінен түсетін қосымша 1,6 трлн теңгеге, қосылған құн салығын қайтару көлемінің 1,1 трлн теңгеге қысқаруына байланысты болады. Қалған 500 млрд теңге басқа факторлардың есебінен қалыптасады.