BASPASOZТолық нұсқа
Спорт

2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді

Дана Зарылханқызы
kff.kz
Бөлісу Telegram

2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанада өтетін болды. УЕФА Атқарушы комитеті шешімімен Қазақстан астанасы беделді футбол матчын қабылдайтын қала ретінде бекітілді, деп Baspasoz.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу «Астана Арена» стадионында ұйымдастырылады. Онда УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары өзара бақ сынайды.

Астананың таңдалуына Қазақстан футбол федерациясының халықаралық футбол ұйымымен ынтымақтастықты дамыту және елдегі спорт инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы жұмысы ықпал етті.

Сондай-ақ «Астана Аренада» жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, стадионның инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда. Бұл нысанның УЕФА-ның жоғары деңгейдегі халықаралық матчтарды өткізуге арналған талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанда УЕФА Суперкубогы сияқты ірі халықаралық футбол матчының өтуі ел спорты үшін маңызды оқиға болмақ.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары