22 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауады
Сейсенбі, 22 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін, деп Baspasoz.kz тілшісі Malim.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазгидрометтің мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен елдің бірқатар аймағында ауа райы тұрақсыз болады. Температуралық көрсеткіштер маусымға тән деңгейде сақталады.
Күндіз ауа температурасы батыста +25…+32°C, солтүстік-батыста +20…+31°C, солтүстік пен орталықта +18…+27°C, шығыста +13…+23°C, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +25…+32°C аралығында болады.
Синоптиктердің болжамынша, Атырау мен Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Павлодарда түнде тұман күтіледі.
Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райы:
Астана: түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C. Жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с.
Алматы: түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C. Жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с.
Шымкент: түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C. Жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с.
Ақтау: түнде +19…+21°C, күндіз +28…+30°C. Жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с.
Ақтөбе: түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C. Жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с.
Атырау: түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 2–7 м/с.
Жезқазған: түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C. Жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с.
Қарағанды: түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C. Жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с.
Көкшетау: түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C. Жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с.
Қонаев: түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C. Жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с.
Қостанай: түнде +7…+9°C, күндіз +23…+25°C. Жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с.
Қызылорда: түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C. Жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с.
Павлодар: түнде +8…+10°C, күндіз +22…+24°C. Жауын-шашынсыз, түнде тұман. Жел 9–14 м/с.
Петропавл: түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C. Жауын-шашынсыз. Батыстан жел 9–14 м/с.
Семей: түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C. Жауын-шашынсыз. Жел түнде 1–6 м/с, күндіз 5–10 м/с.
Талдықорған: түнде +5…+7°C, күндіз +26…+28°C. Жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с.
Тараз: түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C. Жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с.
Түркістан: түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C. Жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с.
Орал: түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с.
Өскемен: түнде +6…+8°C, күндіз +18…+20°C. Жауын-шашынсыз. Жел түнде 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с.