BASPASOZТолық нұсқа
Спорт

22 ЖАСТАҒЫ ҚАДЫРБЕК ШЫНБАЕВ ММА-ДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА АЛТЫН АЛДЫ

Дана Зарылханқызы
https://t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Бөлісу Telegram

Қазақстандық Қадырбек Шынбаев Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

22 жастағы спортшы аралас жекпе-жектің (ММА) modern санаты бойынша 71 келіге дейінгі салмақта қарсыластарынан басым түсіп, ел қоржынына алтын медаль салды.

Биыл ММА Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енді. Қадырбек Шынбаев осы спорт түрінен Азия ойындарының алтын жүлдесін иеленген екінші қазақстандық болды.

Шынбаев бұған дейін де құрлық додасында үздік нәтиже көрсеткен. 2026 жылдың қаңтарында ол ересектер арасында ММА-дан Азия чемпионы атанды. Сол жарыста Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан спортшыларын жеңіп, чемпиондық тұғырға көтерілген еді.

Осылайша, Қадырбек Шынбаев бір жылдың ішінде екі ірі құрлықтық жарыста топ жарып, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары