29 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің орташа сатып алу және сату бағамдары белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Kurs.kz мәліметінше, Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 437 теңгеден сатып алып, 444 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы – 498,23 теңге, сату бағамы – 507 теңге. Ресей рублі 4,90 теңгеден сатып алынып, 5,10 теңгеден сатылуда.
Алматыда долларды орта есеппен 439,36 теңгеден өткізіп, 441,67 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сатып алу бағамы – 500,22 теңге, сату бағамы – 504,96 теңге. Ресей рублі 4,96 теңгеден сатып алынып, 5,07 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкентте айырбастау орындары долларды орта есеппен 440 теңгеден сатып алып, 442,04 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағамы – 500,75 теңге, сату бағамы – 506,13 теңге. Ресей рублін 4,99 теңгеден өткізіп, 5,07 теңгеден сатып алуға болады.
Ұлттық банктің 29 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы бойынша 1 АҚШ доллары – 441,77 теңге, 1 еуро – 502,38 теңге, ал 1 Ресей рублі – 5,23 теңге.
Айта кетейік, 28 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа сараланған бағамы 441,77 теңгені құрады. АҚШ валютасы 0,23 теңгеге арзандады