6 қазанда Қазақстанда қар аралас жаңбыр мен көктайғақ күтіледі

6 қазанда Қазақстанда қар аралас жаңбыр мен көктайғақ күтіледі
ЖИ арқылы жасалған

6 қазанда Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр аралас қар жауып, екпінді жел соғады. Таңертең ел аумағының басым бөлігін тұман басуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мәліметінде айтылған, деп Baspasoz.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада күн ала бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +1...+3°C болады.

Алматыда жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты. Жел 3-8 м/с. Түнде +5...+7°C, күндіз +14...+16°C.

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Жел 8-13 м/с. Түнде +3...+5°C, күндіз +15...+17°C.

Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +9...+11°C, күндіз +18...+20°C.

Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашын болмайды. Жел 7-12 м/с. Түнде +1...+3°C, күндіз +11...+13°C.

Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +6...+8°C, күндіз +18...+20°C.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +3...+5°C, күндіз +10...+12°C.

Қарағандыда жаңбыр аралас қар жауады. Жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +1...+3°C, күндіз +5...+7°C.

Көкшетауда жаңбыр аралас қар жауады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 мкө/с. Түнде 0...+2°C, күндіз +3...+5°C.

Қонаевта жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты. Жел 9-14 м/с. Түнде +6...+8°C, күндіз +16...+18°C.

Қостанайда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с. Түнде -1...-3°C, күндіз +6...+8°C.

Қызылордада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +3...+5°C, күндіз +16...+18°C.

Павлодарда жаңбыр жауады. Жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +3...+5°C, күндіз +6...+8°C.

Петропавлда жаңбыр аралас қар жауады. Жел 15-20 м/с. Түнде 0...+2°C, күндіз +4...+6°C.

Семейде жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты. Жел 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +4...+6°C, күндіз +13...+15°C.

Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Жел 5-10 м/с. Түнде +3...+5°C, күндіз +14...+16°C.

Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +4...+6°C, күндіз +15...+17°C.

Түркістанда жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +3...+5°C, күндіз +14...+15°C.

Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 7-12 м/с. Түнде +1...+3°C, күндіз +12...+14°C.

Өскеменде жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты. Жел 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +4...+6°C, күндіз +12...+14°C.

Осылайша, 6 қазанда елдің солтүстік және орталық бөлігінде күн суытып, жаңбыр аралас қар жауады. Бірқатар өңірде жел күшейіп, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Ал оңтүстік пен батыста күн салыстырмалы түрде жылы әрі көбіне жауын-шашынсыз болады.