70 жастағы әже 30 келілік қойды 40 рет көтеріп, жұртты таңғалдырды

70 жастағы әже 30 келілік қойды 40 рет көтеріп, жұртты таңғалдырды

Шығыс Қазақстан облысындағы Қасым Қайсенов кентінде өткен Nomad Alemi фестивалінің спорттық бағдарламасы кезінде 70 жастағы зейнеткер ерекше нәтижесімен көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

YK-news.kz мәліметінше, қатысушылар алты түрлі спорттық сайыста бақ сынаған. Олардың қатарында арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ләңгі тебу, қой макетін көтеру, белбеу күресі және асық ату болды.

Фестиваль қонақтарының ерекше қызығушылығын 30 келі салмақтағы қой макетін көтеру сайысы тудырған.

Бұл сынға қатысқан 70 жастағы әжей 30 келілік макетті 40 рет көтеріп, көрермендер мен өзге қатысушыларды таңғалдырды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, фестивальдің спорттық шараларына жалпы екі мыңнан астам адам қатысқан.

Nomad Alemi алаңында балалар, жастар және егде жастағы қатысушылар ұлттық спорт түрлерінен өзара сайысқа түсті.