BASPASOZТолық нұсқа
Спорт

Әділет Алмат Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

24.kz
Бөлісу Telegram

Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп Baspasoz.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл - спортшының мансабындағы алғашқы Азиадасы. Жарыс барысында Әділет Алмат 1/8 финалда қырғызстандық Тегин Алмазжан уулын жеңсе, ширек финалда моңғолиялық Шинбайар Ойинчимегтен басым түсті.

Жартылай финалда қазақстандық дзюдошы тәжікстандық Абубәкір Шеровты жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші белдесудің қорытындысы бойынша Әділет Алмат Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды.

Осылайша, Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының дзюдодан жеңіп алған медаль саны төртке жетті.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары