BASPASOZТолық нұсқа
Қоғам

Ақтөбе облысында 90-жылдар стиліндегі той кортежіне қатысқан жүргізушілер жазаланды

Дана Зарылханқызы
Polisia.kz
Бөлісу Telegram

Ақтөбе облысында 90-жылдар стилінде безендірілген көліктерден құралған той кортежіне қатысқан жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде сол кезеңнің үлгісінде безендірілген көліктер мен той барысы түсірілген видеолар тараған. Жазбаларды зерделеген полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған бірнеше жүргізушіні анықтады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кейбір көліктердің жүргізушілері жолаушыларды көлік салонынан тыс жерде тасымалдаған. Сонымен қатар күндізгі уақытта сыртқы жарық құрылғылары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану талаптарын бұзған.

Полиция барлық заң бұзған азаматтарды анықтады. Олар Ақтөбе облысының Қарғалы ауданының тұрғындары болып шыққан. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Полиция өкілдері мерекелік іс-шара кезінде де жол қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңызын еске салды. Мерекенің қандай форматта өтетініне қарамастан, жолдағы қауіпсіздік басты орында болуы керек.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары