Алматы облысында 101 млн теңге жымқырғандар сотталды

Алматы облысында 101 млн теңге жымқырғандар сотталды
ЖИ арқылы жасалған

Алматы облысының Райымбек ауданында әлеуметтік тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп танылған үш адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Аудан прокуратурасы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға баспана сатып алуға қатысты мемлекеттік сатып алуларды тексерген. Талдау 2019–2024 жылдары жалпы құны 596 млн теңгеден асатын 55 тұрғын үйді сатып алу рәсімдерін қамтыды.

Тексеру барысында баспаналардың бағасы негізсіз көтерілгені анықталды. Тергеу дерегінше, кейін бюджеттен бөлінген қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, іске қатысы бар адамдар арасында бөлінген.

Сотқа дейінгі тергеу қорытындысында мемлекетке 101,4 млн теңге залал келгені анықталды.

2026 жылғы 5 тамызда сот үш адамды Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайынған. Сондай-ақ сотталғандар белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.