Алматыда әйелдер онкогинеколог кеңесін тегін ала алады
26 қыркүйекте Алматыда әйелдерге арналған ашық есік күні өтеді. Қала тұрғындары онкогинеколог дәрігерлердің қабылдауына тегін кіріп, тексеріле алады, деп Baspasoz.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Шара Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Мекенжайы: Абай даңғылы, 91.
Ашық есік күні әйелдер денсаулығы туралы ақпараттандыру онкүндігі аясында ұйымдастырылып отыр.
Қабылдауға жасына және қай жерде тіркелгеніне қарамастан барлық әйел бара алады. Олар жетекші онкогинекологтардан тегін кеңес алып, алғашқы тексеруден өтеді. Сондай-ақ дәрігерлер аурудың алдын алу жолдары жөнінде кеңес береді. Қажет деп табылған жағдайда қосымша медициналық тексеру жүргізіледі.
Қабылдауға келгенде жеке куәлікті өзімен бірге алып жүру қажет.