Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
11 қыркүйектің бірінші жартысындағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің орташа бағамы белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамына сәйкес, 1 АҚШ доллары – 450,79 теңге, 1 еуро – 524,13 теңге, 1 рубль – 5,31 теңге.
Астана
Елордадағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағасы 447 теңге, сату бағасы 454 теңге болды.
Еуро 519 теңгеден сатып алынып, 529 теңгеден сатылып жатыр.
Рубльдің орташа сатып алу бағамы 5,15 теңге, сату бағамы 5,35 теңге.
Алматы
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағасы 450 теңге, сату бағасы 452,4 теңге.
Еуроның сатып алу бағасы 522,5 теңге, сату бағасы 527,8 теңге деңгейінде.
Рубль 5,16 теңгеден сатып алынып, 5,27 теңгеден сатылуда.
Шымкент
Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағасы 450 теңге, сату бағасы 452,3 теңге болды.
Еуроның сатып алу бағасы 522 теңге, ал сату бағасы 528,3 теңге.
Рубль айырбастау пункттерінде орта есеппен 5,17 теңгеден сатып алынып, 5,24 теңгеден сатылып жатыр.