BASPASOZТолық нұсқа
Қоғам

Астана аспанында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары өтеді

Ақбарыс Жолшыбай
Фото: NurPhoto/Getty Images
Бөлісу Telegram

Астанада халықаралық саяси іс-шараларға дайындық аясында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Осыған байланысты қалада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары өтеді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі 10–14 қазан аралығында елорданың жекелеген көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шаралар бірқатар халықаралық саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты қабылданып отыр.

«Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 9 қазаннан бастап Астана әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары жоспарланған.

Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулер мен қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға кезінде өткізілетін қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп хабарлады ведомство.

Ақбарыс Жолшыбай
Автордың басқа материалдары