«Қазгидромет» 23–25 қыркүйек аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы екі күнде екі қалада да күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. 25 қыркүйекте ауа райы өзгереді: Астанада күн күрт салқындап, жаңбыр жауса, Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Астанадағы ауа райы
23 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы түнде секундына 3–8 метр, күндіз 9–14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +5...+7, күндіз +19...+21 градус болады.
24 қыркүйекте де жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр болады. Түнде +6...+8, күндіз +18...+20 градус күтіледі.
25 қыркүйекте таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +8...+10 градус болса, күндіз ауа температурасы +13...+15 градусқа дейін төмендейді.
Алматыдағы ауа райы
23 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде +13...+15, күндіз +25...+27 градус болады.
24 қыркүйекте де күн жауын-шашынсыз өтеді. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр шамасында болады. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +25...+27 градусқа жетеді.
25 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 12 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде +13...+15, күндіз +23...+25 градус болады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінен атмосфералық ағындар өтеді. Соның әсерінен жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Жалпы ауа температурасы қыркүйек айына тән қалыпты деңгейде сақталады.