Астана мен Шымкенттегі әскери колледждердің 200-ден астам тәрбиеленушісі салтанатты түрде Әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Рәсім Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы және Шымкенттегі Сабыр Рақымов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледждерінде өтті.
Болашақ сержанттар Отанға адал қызмет етуге және әскери міндетін абыроймен атқаруға ант берді.
Кадеттерді өміріндегі маңызды кезеңмен Қорғаныс министрлігі мен әскери оқу орындарының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері және қоғам өкілдері құттықтады. Салтанатты шараға олардың ата-аналары мен жақындары да қатысты.