Астанада бір донор үш науқастың өмірін сақтап қалды

Астанада бір донор үш науқастың өмірін сақтап қалды
Видеодан алынған

Астанада қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа берген адамның жүрегі, өкпесі және бауыры үш науқасқа трансплантация жасау үшін алынды, деп Baspasoz.kz тілшісі Sadaq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Донордың ағзалары трансплантация кезегінде тұрған пациенттерге арналған. Мамандар алынған мүшелерді тиісті науқастарға жеткізу үшін жұмыс жүргізді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі 132 әлеуетті донор анықталған. Осы уақыт ішінде елде 205 ағза трансплантациясы жасалды.

Қазақстанда донорлық бағыттағы көрсеткіш те артып келеді. Мәселен, 2025 жылы 18 донорлық процесс жүргізілді. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен үш есе көп. Сол жылы 68 трансплантация жасалған.

2023 жылы 19, 2024 жылы 23 ағза ауыстырылды. Ал 2026 жылдың 11 қыркүйегіндегі жағдай бойынша елде 13 мультиағзалық донорлық процесс өткізілген.

Министрдің айтуынша, бұл көрсеткіштер Қазақстандағы донорлық бағыттың бір реттік нәтиже емес, тұрақты өсімге ие екенін көрсетеді.