26 қыркүйек, сенбі күні Астанада жауын-шашын болмайды, алайда жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, елордада күн құбылмалы бұлтты болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетіп, екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.
Түнде ауа температурасы +4...+6 градус шамасында болса, күндіз +11...+13 градусқа дейін жылынады.