Астанада студенттерге заң талаптары түсіндірілді

Астанада студенттерге заң талаптары түсіндірілді
Gov.kz

Астанада Қазақ ұлттық спорт университетінің Студенттер үйінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған кездесу өтті. ІІМ бастамасымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға 150-ге жуық студент қатысты, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Кездесуге ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дюсембеков пен Астана қаласы мәслихатының депутаты Арсланбек Матзум қатысты.

Жиын барысында жастарға заң талаптарын сақтау, қауіпсіздікке мән беру және өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу, суық қару алып жүрмеу, түнгі уақытта қауіпсіздік шараларын сақтау, буллингке жол бермеу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері сөз болды. Мамандар заң талаптарын бұзған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылатынын да түсіндірді.

Студенттер мамандарға қоғамдық тәртіп, жеке қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілікке қатысты сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білуіне, заң талаптарына жауапкершілікпен қарауына және құқық қорғау органдарымен ашық байланыс орнатуына мүмкіндік береді.