Астанаға 400 тоннадан астам өнім әкелінеді

Астанаға 400 тоннадан астам өнім әкелінеді
ЖИ арқылы жасалған

26-27 қыркүйекте Астанада Маңғыстау, Алматы және Абай облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысатын кезекті жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Елорда тұрғындары мен қонақтары фермерлерден ет, балық, сүт өнімдерін, көкөніс пен жеміс-жидек және басқа да азық-түлікті тікелей сатып ала алады.

Үш өңірдің шаруалары Астанаға жалпы көлемі 400 тоннадан асатын өнім әкеледі. Оның ішінде 170 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 100 тонна ет және ет өнімдері, 40 тонна бал, 25 тонна сүт өнімдері, 17 тонна бақша дақылдары, 10 тонна балық және 40 тоннадан астам өзге де азық-түлік бар.

Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге келушілерге ыңғайлы болу үшін №18, 37 және 303 автобус бағыттары қатынайды.

Сауда екі күн бойы сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.