Атырау облысында ауыл балалары алыс мектепке жаяу қатынап жүр
Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылының тұрғындары жаңа мектептің елді мекеннен алыс орналасуына байланысты мәселе көтерді. Бұл туралы КТК телеарнасының тілшісі Жанат Жақсыбайқызы хабарлады, деп жазады Baspasoz.kz.
Тұрғындардың айтуынша, мектеп далада орналасқандықтан, балалардың білім ордасына қатынауы қиын. Олар жергілікті әкімдікке бірнеше рет мектепке қатынайтын автобус беруді сұраған.
Алайда ауыл тұрғындарының сөзінше, аудан әкімдігі әзірге мәселені шешуге мүмкіндігі жоқ екенін айтқан.
Тұрғындар балалардың қауіпсіз әрі тұрақты қатынауы үшін мектепке автобус бөлуді сұрап отыр.