BASPASOZТолық нұсқа
Қоғам

Атыраудағы отбасы қазасы: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты күтпеген хабар тарады

Ақбарыс Жолшыбай
Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты. Фото: azh.kz
Бөлісу Telegram

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шыққаннан кейін туыстарының бірінің үйінде тұрып жатыр, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, жақындары Ақбаянды тұрақты бақылауда ұстап, оның оңалту орталығындағы емін жалғастыруына көмектесіп жүр.

Қазір ол балаларымен жиі кездесіп, бірге уақыт өткізе бастаған. Туыстарының айтуынша, мұндай кездесулер Ақбаянның эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп отыр.

Алайда оған ата-анасы мен өзге жақындарының қаза болғаны туралы әлі айтылмаған. Туыстары ауыр хабар оның жағдайын күрт нашарлатып жіберуі мүмкін деп қауіптенеді.

Сол себепті олар бұл ақпаратты Ақбаян психологиялық тұрғыда қабылдауға дайын болған кезде ғана жеткізуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, Сұлтан Сәрсемалиев Ақбаян Мұқанғалиеваның жақын туыстарын өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Ақбарыс Жолшыбай
Автордың басқа материалдары