BASPASOZТолық нұсқа
Қоғам

Бағдат Мусин, Жаслан Мәдиев неге үнсіз отырсыздар?

BS News
фото: коллаж
Бөлісу Telegram

Белгілі заңгер, бұрынғы мәжіліс депутаты Абзал Құспан "Қазақтелеком" АҚ-ның басұарма басшысы Бағдат Мусин мен Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке такси нарығындағы жағдайға байланысты неліктен үнсіз отырғандарын сұрап, жазба жариялады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Мен Сіздерді Қазақстандағы цифрландырудың бастауында тұрған, Мемлекет басшысы ерекше сенім артқан, еліміз үшін жаңа саланың дамуына жол ашқан азаматтар ретінде танимын. Еңбектеріңізді бағалаймын, болашақтарыңызға үлкен үмітпен қараймын.

Осы уақытқа дейін екеуіңіздің де аттарыңызға бірде-бір сын айтқан емеспін. Депутат кезімде де «болам деген жігіттің белін бу, пайдам тимесе де, зияным тимесін» деген ұстанымда болдым.

Бүгін бірінші рет өздеріңе үн қатқалы отырмын.

Соңғы күндері Яндекс такси қызметіне байланысты туындаған жағдайдан кейін отандық «Апару», «Қажет» такси сервистері төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатыр. Әсіресе қазақ тілді ортада қатты талқылануда.

Шынымды айтсам, көп нәрсе түсініксіз. Түсінбей отырғандардың бірі мен өзім.

Міне, дәл қазір сіздердің ел алдына шығып, жағдайды түсіндіріп, бағыт-бағдар беретін уақыттарыңыз емес пе?

Еліміздің цифрлық болашағына жауапты азаматтар осындай сәтте сөйлемегенде, қашан сөйлейді?

Сіздерге деген құрметім өзгерген жоқ. Жеке бастарыңызға да, атқарып жатқан жұмыстарыңызға да көлеңке түсіру ойымда жоқ.

Бірақ бір нәрсені түсінбеймін: елге сөздеріңіз керек болып тұрған дәл осы сәтте неге үнсіз отырсыздар?, - деп жазады Абзал Құспан

BS News
Автордың басқа материалдары