BASPASOZТолық нұсқа
Спорт

Дастан Сәтпаевтың алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Дана Зарылханқызы
Inst: d.satpayev
Бөлісу Telegram

Қазақстан құрамасы мен Англияның «Бернли» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан айығып, жақын күндері жаттығуға кіріседі, деп Baspasoz.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Amanvibe.kz мәліметінше, 18 жастағы қазақстандық футболшы бірнеше күннен кейін жаттығуын қайта бастайды. Ол санның артқы бұлшықетінен алған жарақатынан Лондондағы «Челси» клубының базасында емделіп, қалпына келу кезеңінен өтті. Сәтпаевтың трансферлік құқығы осы клубқа тиесілі.

Футболшы 3 қыркүйекте Чемпионшиптің төртінші турындағы кездесуде жарақат алған болатын.

«Бернли» келесі ойынын 10 қазанда сырт алаңда «Уотфордқа» қарсы өткізеді. Осы уақытқа дейін Сәтпаевтың негізгі құраммен бірге жаттығуға оралуы күтіліп отыр.

Қазақстандық шабуылшы ағылшын клубы сапында әзірге төрт кездесу өткізді. Оның үшеуі Чемпионшипте, біреуі Англия лигасы кубогында өтті.

Бұған дейін Дастан Сәтпаевтың Англияда Қазақстан құрамасындағы әріптестерімен кездескені хабарланған еді.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары