Доллар 441 теңгеге дейін арзандады
Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды. Нәтижесінде теңге долларға шаққанда тағы нығайды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 441,89 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,6 теңгеге төмен. Ал Ұлттық банк 24 қыркүйекке доллардың ресми бағамын 445,65 теңге деп белгіледі.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 440 теңгеден өткізіп, 447 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны сату бағамы – 500 теңге, сатып алу бағамы – 510 теңге. Ресей рублі 4,90 теңгеден қабылданып, 5,10 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыда долларды орта есеппен 441,55 теңгеден өткізіп, 443,56 теңгеден сатып алуға болады. Еуро 501,10–506,82 теңге аралығында саудаланса, рубльдің бағамы 4,98–5,09 теңге шамасында.
Шымкентте долларды айырбастау орындары орта есеппен 442,40 теңгеден қабылдап, 444,48 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 503,50 теңгеден өткізіп, 509,35 теңгеден алуға болады. Ресей рублінің бағамы 5,01–5,09 теңге аралығында.
Айта кетейік, 23 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 445,65 теңге болған. Ол кезде АҚШ валютасы 2,01 теңгеге арзандаған еді.