2026 жылғы 8 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам бойынша бір АҚШ доллары 447,14 теңгеніқұрады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Сонымен қатар бүгінгі ресми бағам бойынша бір еуро – 500,35 теңге, бір Ресей рублі – 5,24 теңге, бір Қытай юані – 66,69 теңге болып белгіленді.
Ұлттық банктің түсіндіруінше, АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша қалыптасады. Астана уақытымен 15:30-ға дейінгі орташа өлшенген биржалық бағам келесі жұмыс күніне ресми курс ретінде белгіленеді.
Айырбастау пункттеріндегі нақты сатып алу және сату бағамы Ұлттық банктің ресми курсынан өзгеше болуы мүмкін. Себебі айырбастау орындары өз бағамын нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа қарай белгілейді.