Доллар бағамы 440 теңгеден асты
30 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша доллар теңгеге шаққанда қымбаттады, деп Baspasoz.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, АҚШ валютасының орташа бағамы 440,86 теңгені құрады. Бір тәулікте доллар 1,59 теңгеге қымбаттаған.
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 438–439 теңге, ал сату бағамы 439,5–440,5 теңге аралығында қалыптасты.
Еуроны айырбастау орындары 498–499 теңгеден сатып алып, 502–503 теңгеден сатып жатыр. Ресей рублінің сатып алу бағамы 4,95–5,01 теңге, сату бағамы 5,05–5,09 теңге шамасында.
Ал Brent маркалы мұнайдың қараша айына арналған фьючерстері барреліне 103 доллар деңгейінде саудаланып жатыр.