16 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 444,88 теңге болды. Бұл алдыңғы күнгі көрсеткіштен 2,8 теңгеге төмен, деп Baspasoz.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандағы айырбастау орындарында валюталар мынадай бағамен сатылып жатыр:
доллар: сатып алу – 444–445 теңге, сату – 446–447 теңге;
еуро: сатып алу – 510–514 теңге, сату – 516–518 теңге;
рубль: сатып алу – 5–5,07 теңге, сату – 5,11–5,15 теңге.
Ал қараша айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 107,64 долларды құрады.