Доллар теңгеге шаққанда сәл арзандады
Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды. Сауда қорытындысында доллар бағамы аздап төмендеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Күндізгі сессия нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 453,65 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,71 теңгеге төмен. Ал Ұлттық банктің 6 қазанға белгілеген ресми бағамы — 454,98 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астанада ақша айырбастау орындары долларды орта есеппен 449 теңгеден сатып алып, 456 теңгеден сатып жатыр. Еуроны өткізу бағасы шамамен 500 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Ресей рублі 5,01–5,22 теңге аралығында саудалануда.
Алматыда долларды орта есеппен 451,55 теңгеге өткізуге, ал 453,86 теңгеге сатып алуға болады. Еуроның сатып алу бағасы — 506,97 теңге, сату бағасы — 511,68 теңге. Ресей рублі сәйкесінше 5,10 және 5,23 теңге шамасында.
Шымкентте долларды орта есеппен 451,68 теңгеден өткізіп, 453,95 теңгеден сатып алуға болады. Еуро 507,02–512,34 теңге аралығында, ал рубль 5,12–5,19 теңге шамасында саудалануда.
Айта кетейік, 5 қазандағы күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 454,98 теңгеге жетіп, бір күнде 6,62 теңгеге қымбаттаған еді.