Елена Рыбакина US Open финалына жолдама алды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемдік рейтингтің төртінші сатысындағы америкалық Коко Гауффты жеңді, деп хабарлайды Baspasoz.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу үш сетке созылып, Рыбакина қарсыласын 3:6, 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Теннисшілер хард кортта 2 сағат 8 минут ойнады.
Матч барысында Рыбакина бес эйс орындап, екі рет қосарланған қателік жіберді. Қазақстандық спортшы өзіне берілген бес брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Осы жеңістен кейін Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open финалына шықты. Шешуші кездесуде ол әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.
Сонымен қатар қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілуді мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. US Open финалының нәтижесі бұл жағдайға әсер етпейді.
WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасы 14 қыркүйек, дүйсенбі күні жарияланады