Жаңадан құрылған халық кеңесі мүшелері жалақы алмайды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
«Халық Кеңесі қоғамдық негізде жұмыс істейді, оның мүшелеріне жалақы төленбейді. Бұл – жоғары конституциялық консультативтік орган. Алайда Кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет атқармайды. Біз мемлекеттік қызметші болып саналмаймыз, бізге жеке кабинеттер мен қызметтік көліктер бекітілмейді. Әрқайсысы өзінің негізгі қызметін жалғастыра береді», – деп түсіндірген tengrinews тілшісіне халық кеңесі мүшесі Мұрат Әбенов.
Оның айтуынша, Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде атқарады.
«Жұмыс толықтай ақысыз жүргізіледі. Сондықтан барынша шынайы әрі адал жұмыс істеуге тырысамыз. Кемінде жылына бір рет отырыс өткізілуі тиіс. Менің ойымша, шамамен тоқсанына бір рет кездесіп тұрған жөн», – деді ол.