Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен мемлекеттік сапармен Сеулге барды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Қазақстан Президентін Сеул әуежайында Корея Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун қарсы алды.