BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бөлім басшылары тағайындалды

Дана Зарылханқызы
t.me/aqorda_resmi
Бөлісу Telegram

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бірқатар басшылық лауазымдарына жаңа тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Александр Владимирович Суханов Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы лауазымынан босатылды.

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол да бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Марат Мақсұтұлы Аймашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімін басқаратын болды. Ол бұрынғы қызметінен босатылды.

Ал Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары