Қаза болған сарбаздарды ерлігі үшін "Айбын" орденімен марапаттау туралы жарлық шықты

Қаза болған сарбаздарды ерлігі үшін "Айбын" орденімен марапаттау туралы жарлық шықты
фото: Қорғаныс министрлігі

Президент Қ.Тоқаев әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған сарбаздарды "Айбын" орденімен марапаттау туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мына азаматтар марапатталсын:

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Мұхтарұлы Олжас (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі взводының командирі;

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Аяпберген Сержан Талғатұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Бегей Дастан Нұрболұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Гилаж Ақжайық Болатбекұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Диханбаев Олжас Тәжібайұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Жаңабай Әсет Саматұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);

Көбенов Алмас Жүсіпұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Мәдіхан Азамат Болатбекұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);

Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);

Төлеген Ақылбек Қабденұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Тұрдыбекұлы Мирас (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы), - делінген қаулыда.