Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына белгілі спортшылар енді
Қазақстанның танымал спортшылары мен бірқатар спорт федерациясының басшылары Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Кеңес құрамына Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Ислам Байрамуков, Атланта Олимпиадасының чемпионы, әлем және Азия чемпионы Юрий Мельниченко, ММА, панкратион және жауынгерлік джиу-джитсудан әлем чемпионы Василий Тахтай енді.
Сондай-ақ тізімде грепплингтен Азия чемпионы, джиу-джитсудан қара белдік иегері Нұрсұлтан Орынбасаров пен жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты және Азия ойындарының қола жүлдегері Ирина Эктова бар.
Спорт ұйымдарының өкілдерінен Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп, Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев, Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, көркем гимнастикадан Азияның бірнеше дүркін чемпионы әрі Азия ойындарының жеңімпазы Әлия Юсупова және Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы Нұргүл Ұлжекова Кеңес мүшесі атанды.
Аталған спортшылар халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Ал федерация басшылары спортты дамыту, спортшыларды даярлау және жарыстарды ұйымдастыру бағытында тәжірибе жинақтаған.
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына спорт өкілдерінен бөлек, қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген азаматтар да енді.-