BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен оптикалық кабель тартты

Фото: Ақорда
Бөлісу Telegram

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Сумғайыт пен Ақтау қалаларын байланыстыратын Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Теңіз түбімен төселген кабельдің ұзындығы шамамен 380 шақырымды құрайды. Оның өткізу қабілеті секундына 400 терабиттен асады.

Жаңа желі екі ел арасындағы цифрлық байланысты нығайтып, Орта дәліздің инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстан мен Әзербайжанның көлік-транзит саласындағы ынтымақтастығы телекоммуникация бағытымен де кеңейе түседі.

Ақбарыс Жолшыбай
Автордың басқа материалдары