Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) әкімшісі Александр Де Кроомен кездесті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Тараптар Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ өңірлік деңгейдегі бірлескен бастамаларды талқылады.
Мұхтар Тілеуберді БҰҰДБ-ға биыл сәуірде өткен Өңірлік экологиялық саммитті ұйымдастыруға және өткізуге көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар министр Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы аясындағы жобаларды жүзеге асыруда БҰҰДБ маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар орнықты дамуды ілгерілету және өңірдегі тұрақтылықты нығайту бағытындағы әріптестікті одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді.