BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Қазақстан мен ДЭФ жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Дана Зарылханқызы
Gov.kz
Бөлісу Telegram

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Дүниежүзілік экономикалық форумның өкілдері Дитрих Джон және Марвен Гарбаамен кездесті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Кездесуде Қазақстанның Орталық Азиядағы жасанды интеллект пен цифрлық трансформация мәселелері бойынша ДЭФ-тің өңірлік алаңына айналу мүмкіндіктері талқыланды.

Жаслан Мәдиев мемлекеттік секторда жасанды интеллектіні басқару тәсілдерін әзірлеу, халықаралық цифрлық инфрақұрылымға арналған дата-орталықтарды дамыту және Data Embassy режимін енгізу бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ GovTech тәжірибесі негізінде ЖИ шешімдерін мемлекеттік басқаруға енгізу мәселесі қарастырылды.

Тараптар жасанды интеллект, энергетика және осы салалардың дамуына қажетті инфрақұрылым арасындағы байланысты да талқылады. Әңгіме барысында энергетикалық қуаттарды, дата-орталықтар мен телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, халықаралық байланыстарды кеңейту және ЖИ технологияларына қажетті тұрақты инфрақұрылым құру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар Қазақстанның энергетикалық, цифрлық және технологиялық әлеуетін жаһандық жасанды интеллект экожүйесіне ықпалдастыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың талқыланған бағыттары бойынша диалогты жалғастырып, нақты қадамдарды пысықтауға келісті.

ДЭФ делегациясы 1–3 қазан аралығында Астанада өтетін AI & Digital Bridge форумының тұжырымдамасы мен ауқымын таныстырды. Сонымен қатар делегация Қазақстандағы жасанды интеллект және технологиялар экожүйесімен танысу үшін alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына, Astana Hub, TUMO Astana және Tomorrow School нысандарына бард

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары